Әлем

Байден Ресейдің Украинадағы әрекетін «геноцид» деп атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Ресей армиясының Украинадағы әрекетін «геноцид» деп атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Мен мұны геноцид деп атадым, өйткені Путиннің украинаны жер бетінен жоюға тырысып жатқаны барған сайын анық бола бастады. Ресейліктердің Украинада жасаған қорқынышты істеріне қатысты дәлелдер барған сайын көбейіп келеді», - деді Джо Байден Айова штатында журналистерге.

Сонымен бірге АҚШ президенті Украинада болып жатқан оқиғаларды заң жүзінде геноцид деп тануға бола ма? - деген шешімді халықаралық деңгейдегі заңгерлер қабылдауы керек деп қосты.

Украина президенті Владимир Зеленский: «Зұлымдыққа қарсы тұру үшін заттарды өз аттарымен атау керек», - деді.