Bugin
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны өтуде. Бұл 30 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
18-ден 27 жасқа дейінгі әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер шақырту қағазы және sms-хабарламалар барған жағдайда медициналық комиссиядан өтуге келуі қажет.
- «Егер әскерге шақырылушы бірнеше рет хабарлағаннан кейін жинау пунктіне келмесе, онда жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп жалтарушының тұратын және жұмыс істейтін жеріне барады», - делінген министрліктің хабарламасында.
Шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмеген жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Әскери қызметтен жалтару 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға әкеп соғады.