Bugin

Қазақстан азаматтығын алғысы келетін ресейліктер көбейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға көшіп келуге ниет білдірген Ресей азаматтарының саны 1055-ке жеткен. Ал бұрындары үш айда 300-400 адамға ғана өтініш білдіретін, ал биыл бұл үш есеге дейін өскен.

«Қазақстан азаматтығын алғысы келетін Ресей тұрғындарының саны айтарлықтай өсті. Бұрындары бір кварталда 350-400 адам азаматтыққа өтініш берсе, қазір 1000-ға, тіпті 1055-ке жетті», - деп келтіреді РК ІІМ-нің ресми өкілі Дүйсенбай Тұрғановтың сөзін ҚазТаг агенттігі.

Ресми өкілдің айтуынша, 2022 жылдың басынан бері сәуірге дейін Қазақстанға 457 мың шетел азаматы келген екен. Көбісі – Өзбекстан мен Ресейдің азаматтары.

Ал осы уақытта Қазақстанға Ресейдің 130 мың азаматы келіп, оның 120 мыңы еліміз арқылы басқа шетелге шығып кеткен.

Бұл көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда екі есе көп.

Ал Украинадан Қазақстанға келген азаматтардың саны – 3481 адам.

Ресейдің 170 азаматы азаматтық алуға өтініш берсе, украинның 7 азаматы өтініш берген екен.