Bugin

АҚШ Қазақстанның шекарасына қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ үкіметі Қазақстанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды әрі оның сақталуына мүдделі. Осылай деп мәлімдеді Қазақстанға ат басын бұрған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зея.

«АҚШ Қазақстан егемен, тәуелсіз және аумақтық тұтастығы бар ел деген қағиданы ұстанады. Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасауға ниеттіміз. Экономиканы өркендету, тұрақтылықты қалыптастыру және COVID-19 пандемиясы тудырған қиындықтарды шешу, климат мәселелерін реттеу бойынша тығыз жұмыс істегіміз келеді. «Ц5+1» дипломатиялық алаңы шеңберінде осы елдердің үкіметтерімен жұмыс істеуге барынша ниеттіміз», - деп пікір білдірді Узра Зея бүгін.

Оның айтуынша, қауіпсіздік қамтамасыз етуі  мен демократияны дамыту – Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығының кепілі саналады. Әрі бұл бастамасына АҚШ-тың қолдау көрсетіп келе жатқанына 30 жылдай уақыт болды.