Bugin

Ресей енді «гипердыбысты» «Кинжал» зымырандарын шығара алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әскери-құқықтық зерттеулер орталығының басшысы Александр Мусиенко Ресейдің «Кинжал» (ресейлік гипер дыбысты авиациялық зымыран жүйесі) сияқты заманауи қару-жарақтарды өндіру бағдарламаларын жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанын айтты. Бұл туралы ол ақпараттық телемарафон эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Ресей заманауи зымырандар шығару немесе барларын жаңғырту мүмкіндіктерінен айырылды. Батыс Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі секторына қосымша санкциялар салғаннан кейін, олар іс жүзінде модернизацияға қажетті негізгі элементтерге қол жеткізе алмайды», - деді Мусиенко.

Ол Ресей байланыс орнатуға тырысқан Азия елдері басқыншылармен бірге жұмыс істегісі келмейтінін айтты.

- «Айталық, Ресейде «Кинжал» сияқты, басқа да осыған ұқсас, гипер дыбыстық қаруларды жасап шығаруға арналған компоненттер, шикізат және қажетті элементтер мүлде жоқ. Ресей байланыс орнатуға тырысқан Азия елдері олармен бірге жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан бұл біз үшін оң сигнал. Өйткені олардың арсеналдарын толықтыруға арналған технологиялар мен өндіріс мүмкіндіктері азаяды», - деді әскери-құқықтық зерттеу орталығының басшысы.