Bugin
Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі мүшелігін тоқтату Ресей мен Украина арасындағы «жанжалды» шешуге көмектеспейді. Сондай-ақ, қарарды қарау алдында адам құқықтарының бұзылуына қатысты тергеу жүргізілуі керек еді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді және Қазақстанның ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
- «Басталған келіссөздер процесіне зиян келтірмеу өте маңызды. Ресейдің тұрақты мүшелігі диалогты жалғастыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, Адам құқықтары жөніндегі кеңесті құру туралы 60/251 қарарының 8-тармағына сәйкес, «адам құқықтары өрескел және жүйелі түрде бұзылған» жағдайда Кеңестің мүшелігін тоқтата тұру мүмкін. Мұндай процесті бастау үшін ашық, бейтарап және кәсіби тергеудің нәтижесін алу қажет. Нақты қорытындылар мен шынайы ақпарат алғаннан кейін ғана Бас Ассамблея бұл мәселені қарай алады деп есептейміз», - деп түсіндірді ҚР СІМ.
Смадияровтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның оқиғаны объективті, тәуелсіз, толық ауқымды тергеуге шақыруын қолдайды.