Bugin

Таңғы жағдай. Украинада бүгінгі күн қандай оқиғалармен басталды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 сәуір күні таңертең Украинада қандай оқиға орын алды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

«Халықтың үштен екісі Киевке оралды» - мэр 

Қала мэрі Виталий Кличконың оралуға асықпау туралы ұсынысыа қарамастан, тұрғындардың үштен екісі Киевке қайта келіп алды.  

- «Біз әскерилердің ұсынымдарын басшылыққа аламыз және олардың айтуынша, бүгінгі күні қауіп айтарлықтай үлкен, оның ішінде зымырандық шабуылдар да бар. Тағы бір қауіп - аймақтың іргелес аумақтарын миналардан тазарту, өкінішке орай, бірнеше адам апат салдарынан қаза тапты», - деді ол. 

Киев мэрі елорданың коммуналдық қызметтері қалыпты жұмысқа кірісіп жатқанын, бірақ олардың кейбір қызметкерлерінің эвакуацияланғанын немесе Украинаны қорғаушылар қатарына қосылғанын атап өтті. 

- «Киевтіктердің үштен екісі қайтып келді. Асығудың қажеті жоқ: әзірге қалада автобус және троллейбус бағыттары жұмыс істемейді, бақылау-өткізу бекеттерінде тексеру жүріп жатыр. Елдің соғыс жағдайында өмір сүріп жатқанын ұмытпаңыздар», - деп еске салды Кличко. 

Бұған қоса, ол Киевте 10 мың жаңа қоныс аударушы тіркелгенін айтты. 

Украина Ресеймен Ұлттық гвардия сарбаздарын алмасу туралы келіссөздер жүргізуде 

Украина Ресеймен Чернобыль атом электр станциясын күзетіп, тұтқынға алынған Ұлттық гвардияның 169 әскери қызметкерін айырбастау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады ішкі істер министрі Денис Монастырский. Ведомство басшысы олардың Беларусь және Ресей аумағында сақталатынын айтты. 

«Украинаның бейбіт тұрғындарына жасалған шабуылдар әскери қылмыс болып табылады» - ЕҚЫҰ 

Ресей Украинаға басып кірген кезде бейбіт тұрғындарды қасақана нысанаға алып, халықаралық гуманитарлық құқықты бұзды. Ал Мариупольдегі перзентхана мен драма театрына шабуыл жасағандар әскери қылмыс жасады, делінген ЕҚЫҰ-ның үш бақылаушысы жасаған баяндамада. 

Құжатта егер Ресей гуманитарлық заңдарды құрметтесе және ауруханалар мен басқа да жоғары қорғалатын инфрақұрылымды атқылаудан сақтанса, қаза тапқан немесе жараланған бейбіт тұрғындардың саны айтарлықтай төмендейтіні айтылған. 

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Майкл Карпентердің айтуынша, жалпы құжатта Ресей әскерлерінің Украинада жасаған әрекеттерінің тізімі бекітілген. 

«Гуманитарлық атысты тоқтату енді екіталай» - БҰҰ 

Сәуір айының басынан бері БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс гуманитарлық бітімге келу туралы келіссөздер жүргізуге болатын-болмайтынын білу үшін Ресей мен Украинаға барды. 

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Қазір Украинада жаһандық атысты тоқтату мүмкін емес» екенін айтты. 

Бұған қоса, Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ басшысы Украинадағы қақтығыс бір дәрежеде 1,7 миллиард адамның жағдайын нашарлатып, оның үштен бір бөлігі кедейлік шегінен төмен екенін атап өтті. Гутерриштің айтуынша, қақтығыс жаһандық азық-түлік, энергетика және қаржылық жүйелерде үзіліс туғызды, бұл сөзсіз планетаның бірнеше аймағында кедейлік пен ашаршылықтың өсуіне әкеледі. 

 Франция Украинаға көбірек әскери көмек жібермек 

Франция Қорғаныс министрі Флоренс Парли Париждің Украинаға әскери көмек ретінде берілген 100 миллион еуроға қосымша тағы да әскери құрал-жабдықтар беретінін айтты.  

- «Қақтығыс жалғасуда, Франция серіктестерімен бірге Украинаға қорғаныс өнеркәсібін жұмылдыру арқылы күшейтілген ұзақ мерзімді әскери қолдау көрсетуге дайындалуда», - делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.