Bugin
Сенат балаларды қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы ережені қабылдамады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап.
- «Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша қолжетімділікті шектеуге немесе интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын тоқтатуға мүмкіндік беретін кең өкілеттіктерді алып тастады», - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жалпы отырыста.
Ол қазір «онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимылда балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға баса назар аударылғанын» атап өтті.
- «Біз бұл процедура балаларға қатысты киберқорлау фактілеріне жедел ден қою қажеттілігі мен қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігі арасындағы ақылға қонымды теңгерімді табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, бұл тәсіл Жаңа Қазақстан тұжырымдамасына және мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың қисынына сәйкес келеді», - деді Әшімбаев.