Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесейдің Украинаға қарсы соғысы «әлі аяқталмайды». Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Голос Америки» басылымының хабарлауынша, Ресей шығыс және оңтүстік Украинаға шабуылды қайта бастауға дайындалып жатыр.
Ақ үй Украинаға қорғанысты күшейтуге арналған көмек ретінде 800 миллион доллар бөлді. Блинкен Джо Байденнің жаңа пакетті тапсыру туралы шешімін хабарлады.
«АҚШ пен оның одақтастары Украина үшін қосымша әскери көмекті арттыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс», - деп атап өтті ол.
«Біз Украинамен тығыз байланыстамыз. Президент Зеленскийдің бейбіт келісімге келу ниетін қолдайды. Біз келіссөздердегі Украинаның ұстанымын дұрыс деп есептейміз және Ресейге түсетін қысымды арттыруға жұмыс істейміз», - деді Блинкен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61