Bugin
Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін тапсыруға келген мектеп мұғалімдерінің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аталған ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Куәгердің сөзінше, тест кезінде бір мұғалімнің жағдайы нашарлап құлап қалған. Ол жедел жәрдем келіп үлгергенше көз жұмған.
Алматы қалалық полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған деректі растады.
«Кісі өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған», - деді Салтанат Әзірбек.