Елімізден шетелге 100 миллиард доллар заңсыз шығарылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде Қазақстаннан 100 миллиард долларға жуық қаражат заңсыз шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сомаларға келетін болсақ, бұл қай кезең екеніне байланысты. Заңсыз шығарылған қаражатты қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз»,  –  деді министр.

Оның айтуынша, бұдан басқа капиталды қайтару шаралары Салық кодексінің түзетулер жобасына енгізілген.

«Егер біз, тікелей шетелдік инвестицияларды тартсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Осыған дейін он миллиардтан аса қаражат шығарылған шығар, бірақ нақты соманы айту қиын. Мүмкін, шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін», – деді Қуантыров.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61