Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com36,2 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алып отыр. Биыл 26,4 мың азамат аталған көмекке алғаш рет жүгінген. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлерге төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейінгі уақыт аралығында беріледі.
Жәрдемақы жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау мынадай тізім бойынша жүзеге асады:
- eGov.kz порталда авторизациялану;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті еңбек биржасы арқылы онлайн алуға да болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі МӘСҚ-тан төлем тағайындауға келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді.
SMS-хабарламаға жауап беру арқылы өтініш беруші өз келісімін береді. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Аталған төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асады. Әлеуметтік көмек жұмыс іздеу кезеңінде азаматтарды қолдауға арналған.
Бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функциясын іске қосты.
Бұл жұмыссыздарды тіркеу мен әлеуметтік төлем алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Аталған қызметтерді пайдалану үшін интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба болса жеткілікті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61