Bugin

Қазақстанның 30 жылда қанша қаржысы шетел асқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері шетелге 100 млрд доллар қаржысы шетел асқан. Мұны Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Нақты соманы айту, әрине қиын.  Бірақ шамамен, 100 млрд доллардың шетел асқаны анық. Оны елге қайтарудың бірнеше жолы бар. Салық арқылы да, салықсыз да қайтаруға болады. Бұлардың бәрі ҚР Салық Кодексінде жазылған. Қазір соны қайтаруға тырысып жатырмыз», - деді Қуантыров ОКҚ-нде өткен баспасөз брифингте.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шетелге заңсыз асқан қаржының бәрін елге қайтаруды тапсырған еді.