Bugin
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңіс күніне орай қала әкімдігі әрбір ардагерге миллион теңгеден бөлетіні туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы қала басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны азайып бара жатқанын да атап өтті. Бүгінде Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і - Бостандық ауданының тұрғыны.
«Ұлы Жеңіс мерекесі біз үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, екі жыл бойы пандемия салдарынан тойланбады. Биыл оны дұрыстап атап өтеміз. Ешқандай шектеулер жоқ. Әр ардагерге барамыз деп үміттенемін. Әкімдік тарапынан қолдау көрсеткіміз келеді және әрбір соғыс ардагеріне миллион теңгеден бөлеміз», - деді Ерболат Досаев.