Bugin

«Меломан» қызметкерлердің дау тудырған киімін ауыстыратын болды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Меломан қызметкерлердің дау тудырған киімін ауыстыратын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Facebook желісінде Айнаш Керней есімді блогер «Меломан» дүкендер желісі қызметкерлерінің киім үлгісінде Z символы қолданылғанына назар аударған. Соған байланысты ол қазақстандықтарды дүкенге байкот жариялауға шақырды.

«Соғысты насихаттауға жол жоқ. Marwin (Меломан) балалар тауарлары дүкені  соғысты насихаттап жатыр. Естеріңізге саламыз, Қазақстанда соғысты насихаттауға тыйым салынған», - деп жазды блогер желідегі парақшасында.

Компанияның баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, жақын күндері киімдері жаңартылатынын хабарлады.

«2019 жылы 10 қызметкерімізге – дүкен ішінде істейтін тауар ревизорларына арнап жасаған формамыз кеше кей сатып алушыларымызда теріс пікірлер мен жағымсыз әсер тудырғаны өкінішті. Мұндағы мақсат оны ойынмен ұштастыру еді: «ревизор — яғни Zorro тәрізді». Бүгін қызметкерлеріміздің киімін ауыстырып, жаңа дизайн жасауға кірісіп кеттік», —деп көрсетті Меломан өкілдері.