Әлем
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға баруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail-ға сілтеме жасап.
Джо Байден өзіне қойылған журналистің сұрағына «Украинаға баруға дайынмын» деп жауап берді.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, Байден мұндай сапарға алғаш рет қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Наурызда Польшада АҚШ әскерімен кездесу барысында Байден Украина шекарасына өте алмайтынын, оған рұқсат етілмейтінін айтқан еді.
Ал Ақ үйдің әкімшілігінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (аноним) Reuters агенттігіне дәл осы мәселе бойынша басқаша ақпарат берді. Олар президент Байденнің өзі мен вице-президент Харристің Украинаға баратыны туралы хабар тарамағанын, алайда мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен немесе Қорғаныс министрі Ллойд Остин баруы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, кейінгі аптада Киевке Ұлыбритания премьер-министрі, Австрия канцлері және Польша, Эстония, Латвия, Литва президенттері іссапармен барды.