Әлем
Украина президенті Владимир Зеленский жақында Киевті атқылайтынын мәлімдеген Ресей Қорғаныс министрлігінің қоқан-лоққысына жауап берді. Бұл туралы ол BBC-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зеленский барлық қауіп-қатерге байыппен қарайтынын айтты.
- «Біз Ресей тарапынан төнетін ешбір қауіптен қорықпаймыз. Олардың бізге қарай жасалған барлық қадамдарына жауап береміз», - деді президент.
- «Олар 2014 жылдан бері біздің аумақтарды бірнеше рет басып алды. Олар Қырымды өздерінің территориясы деп айтады. Меніңше, олар өз позицияларында жиі шатасатын сияқты», - дейді ол.