Әлем
Ресейдің Украинаға жасаған шабуыл салдарынан ресейліктер депозиттерден валютаны жаппай алып тастай бастады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ресейтің Орталық банкі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылдың наурыз айында ресейліктер шетел валютасындағы шоттарынан 9,8 миллиард доллар шығарып алған. Шетел валютасындағы шоттарынан қаржы шығару процесі екінші ай қатарынан жалғасып жатыр.
Бұл ретте шоттар мен депозиттер бойынша валютаның ең көп шығуы айдың бірінші онкүндігінде байқалды. Валюта теңгерімінің динамикасына Ресей Орталық банкінің шектеулер енгізуі әсер етті.
Ресей банкінің шектеулері:
9 наурызда ресейлік реттеуші несиелік ұйымдарға жеке клиенттерге доллардан басқа кез келген шетел валютасын алты айға шығаруға тыйым салып, 10 мың долларға дейін қаражат алуға рұқсат берді.
9 наурызға дейін шот немесе мерзімді депозит ашқан клиенттер ғана валютаны ала алады. Сонымен қатар, лимиттен жоғары жаңа депозиттер немесе қаражат тек рубльмен алынуы мүмкін.
11 сәуірден бастап Орталық банк банктерге лимиттер шегінде еуро шығаруға рұқсат берді, ал 18 сәуірден бастап клиенттер филиалдардан қолма-қол ақша сатып ала алады.