Bugin

Гитлер 1981 жылы өлген бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2007 жылы бүкіл Әлемдік БАҚ аргентиналық жазушы әрі зерттеуші Абель Бастидің дүрбелең туғызған кітабы жөнінде жарыса жазды.

Бұл жазушы өз шығармасында ХХ ғасырдың ең қанқұйлы жауызы Адольф Гитлер мен оның әйелі Ева Браунның 1945 жылы өздерін өлтірмегенін, керісінше олардың бертінге дейін Парагвайда бай-бақуатты өмір сүргенін баяндайды. Қанша жерден қоғам назарын жалт қаратқанмен, адамдар ол кітапты қабылдай алмаған-ды.

Ал енді әскери сарапшы, Ресейдің ұлттық қауіпсіздік проблемаларымен айналысатын Академияның мүше-корреспонденті, «Үшінші рейхтің құпия генетикалық, қаржылық бағдарламалары» атты дау-шар туғызған кітаптың авторы Александр Борисович Рудаков болса, Гитлердің 1981 жылға дейін өмір сүргенін өз кітабында қолмен қойғандай дәлелдеп жазады. Ұзақ жылдар арнаулы құпия қызмет орнында еңбек еткен ол Нюрнберг сотынан қашып құтылған Үшінші рейхтің бұрынғы жетекшілерімен бетпе-бет жүздесіп, Гитлердің ақырғы өмірі турасында толық ақпарат алыпты. Оның жазуынша, Гитлер 1943 жылдан бастап Германия аумағында тұрмаған, соғыс аяқталғанша Польшадағы Дарлоу қорғанындағы теңіз базасын мекен еткен. Гитлердің орнына әскери кеңестегі жиналыстарды фюрердің төрт двойнигі кезектесіп жүргізген. Германияда брондалған эшелонмен жүрген де, АҚШ пен Англияның барлау қызметтерінің шабуыл ұйымдастырып жүргендері де – осы двойниктер. Ал нағыз фюрер қанды спектакльді Польшадағы жер асты резиденциясынан басқарып отырған.

Гитлердің алып ставкасына 12 құрлық және 12 теңіз базасы кіріпті. Осы базалардың көпшілігі қазір де жұмыс жағдайында көрінеді және әзірге құпиясы жарыққа шыға қоймаған. Сонымен Гитлер 1945 жылы жаңа үлгідегі сүңгуір қайықпен Балтық теңізіне шығып, Канар аралдарына бет алған. Ондағы базадан шығып Батыс Африкаға, сосын Аргентинаға бет алған. Жағалауға аман есен жетіп, жасырынып үлгерген. Соғыстан кейін немістің төрт сүңгуір қайығы экипажының мүшелері Аргентина билігіне берілгені тарихтан белгілі. Олар Аргентинаға Гитлерсіз келгені жөнінде баяндаудан ондаған жылдар бойы танбай келді. Ал Гитлер көп ұзамай Гаитидегі базаға аттанған. Ал 1970 жылдары Мальдивск аралындағы жер асты базасына жасырынған және сол жерде 1981 жылы өз ажалынан өлген…

Мақала авторы: Төреғали Тәшенов

Словакияның Қорғаныс министрі Путинді Гитлермен салыстырды