Әлем

Ресей АҚШ-қа ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей АҚШ-қа ресми дипломатиялық нота жолдап, Украинаға қару-жарақ жүйелерін жеткізу қақтығысқа «май құйып», «болжауға болмайтын салдарға» әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Киев режиміне қару-жарақ пен әскери техниканың жаппай жеткізілуіне байланысты Ресейдің алаңдаушылығы туралы» деп аталатын құжатты Ресейдің Вашингтондағы елшілігі Мемлекеттік департаментке жіберді.

— «Біз АҚШ пен олардың одақтастарын Украинаның жауапсыз милитаризациясын тоқтатуға шақырамыз, бұл аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке күтпеген салдар әкеледі», — делінген хабарламада.