Bugin
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ОДКБ) – ТМД-дағы жетекші әскери ұйым. Қытай бұл ұйымды толық мойындайды әрі онымен серіктес болу әзір. Бұл – Бейжің билігінің ресми көзқарасы.
Солай деп мәлімдеді Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы комитетінің тұрақты төрағасы Ли Чжаньшу.
«ҰШҚҰ – ТМД-ның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жетекші әскери ұйым. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұр. Біз бұл ұйыммен одан әрі тығыз қарым-қатынас орнатуға дайынбыз», - деді Ли Чжаньшу РФ Федерация кеңесінің спикері Валентин Матвиенкомен онлайн-кездесуде.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы – аймақтағы тәуелсіз елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған халықаралық әскери ұйым.
1992 жылы 15 мамырда Ташкентте құрылған. Құрамына Қазақстан, Армения, Ресей, Қырғызстан мен Грузия, Тәжікстан, Беларусь кіреді.