Bugin
Қазақ хандығы тарихына қатысты өте құнды 19 қолжазба жиналды. Қазір тарихи жәдігерлер зерделеніп жатыр. Бұл туралы қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Әбсалықов мәлім етті. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.
«Тарих пен мәдениеттің негізі – қолжазба. Сондықтан да қолжазбаның ел тарихында алатын орны ерекше. Біз Қазақ хандығы тарихына қатысты өте құнды 19 қолжазба жинадық. Қолжазбалар көне қазақ тілінде жазылған. Аталған қолжазбалар өте құнды және оның әлемде баламасы жоқ. Алдағы уақытта құнды жәдігерлерді де көрмеге қойып, көпшілік назарына ұсынатын боламыз», - деді Алмат Әбсалықов ұлттық музейде өткен көрменің ашылуында.
Оның айтуынша, ұлттық орталықта әртүрлі тарихи кезеңді қамтитын шашамен 8 мың қолжазба мен сирек кітаптар сақталған.
«Қазақ хандығына қатысты табылған қолжазбалардың түпнұсқасы Британия музейі мен Францияның ұлттық кітапханасында сақталған. Еуропа елдерінде мәдениетке ерекше мән береді. Сондықтанда ол қолжазбаларды сақтап отыр. Жалпы Еуропа елдерінде төл тарихымызға қатысты құнды дүниелер әлі де бар. Бірақ, оған қол жеткізу оңай емес, себебі түптұсқасын бермейді. Көшірмесін беруі мүмкін», - дейді ол.