Bugin
РФ президенті Владимир Путиннің Украина президенті В.Зеленскийді көре алмайды. Әрі оған себеп көп. Осылай дейді «Интерфакс-Украина» басылымының бас директоры Александр Мартыненко Радио НВ эфиріне берген сұхбатында.
Мартыненконың айтуынша, Путин мен Зеленскийдің жақын маңда келіссөз үстеліне отыра қоюы екіталай. Өйткені Путин жеңістің тәтті дәмін татып барып, өзін «жасампаз басшы» ретінде көрсете алған жағдайда ғана Зеленскиймен кездеспек.
«Зеленскийдің жанында жарқын тұлға, абыройлы басшы болғысы келеді. Төрт құбылысы сай адам боп көрінгісі келеді. Ал дәл қазір ондай образ жоқ Путинде. Соғыста жеңіліп жатыр. «Спецоперация» бастарда айтқан уәдесінің бірде-бірі орындалған жоқ», - дейді Мартыненко.
Оның айтуынша, Путиннің Зеленскийді көре алмауының себебі көп.
«Зеленский – жас, күш-қуаты мен энергиясы мол адам. Оның жастығын, күш-қайратын, тасып тұрған энергиясын көре алмайды. Оның үстіне, Зеленский қазір әлемдегі ең даңқты қолбасшы, батыр адам болып тұр. 2019 жылы Парижге барып, Норманд төрттігінің кездесуінде Путиннің қалай Зеленскийге қызғанышпен, көре алмас пиғылмен қарағанын байқадым. Әсіресе, Зеленский сөз сөйлегенде Путин тыпыршып, көз сүзіп кетті. Өйткені Зеленский – жас адам, күш-қуаты тасып тұр. Ал Путин болса 70-ке тақап қалған қария. Зеленскийдей күш-қуат пен жастық жоқ. Көре алмаудан басқа не істейді?», - деп түсіндірді ойын медиабасшы.