Әлем

Путиннің табысы мен көліктері туралы ақпарат пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путиннің 2021 жылдың қорытындылары бойынша кірістері мен мүлкі туралы ақпарат жарияланды. Бұл ақпарат Кремльдің ресми сайтында пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Былтыр Путин 10,2 миллион рубль тапқан.

Жарияланған декларацияға сәйкес, РФ президентінің пайдалануында 153,7 шаршы метрлік пәтер және 18 шаршы метрлік гараж бар. Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, екі дана ГАЗ М21 көлік құралына, «Нива» автокөлігіне және «Скиф» тіркемесіне иелік етеді.

Айта кетейік, келтірілген деректер бойынша 2020 жылы Путин 9,994 миллион рубль, 2019 жылы - 9,726 миллион рубль, ал 2018 жылы - 8,648 миллион рубль табыс тапты.