Әлем

Алты ай ғарышта болған қытайлық үш ғарышкер Жерге оралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш ғарышкер мінген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы сенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіне аман-есен қонды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Үш қытайлық астронавт экипажы бар «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономия ауданына аман-есен қонды. Қону қалыпты болды, барлығы өзін жақсы сезінеді», - делінген хабарламада.

Бұл ғарыш сапарында үш тайконавт (ғарышкерлерді Қытайда осылай атайды) Жай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу алты ай бойы бір миссияның бөлігі ретінде ғарышта өткізген уақыт бойынша рекорд орнатты.

Айта кетейік, «Шэньчжоу-13» ғарыш аппараты 2021 жылдың қазан айында ұшырылған еді.