Әлем
Украина президенті Владимир Зеленский CIA басшысының сөзіне сүйеніп, күллі әлемді Ресей тарапынан болуы мүмкін ядролық соққыға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бұл бізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатарлық мәселе. Анық ақпарат болмағанымен, шындыққа жанасуы да мүмкін. Себебі олар бізде химиялық қару бар деп айта бастағанда... Ескеру керек олар мұны жасай алады.
Ресей үшін украиндықтардың өмірі ештеңе емес. Бізге қорқудың қажеті жоқ, бірақ дайын болуымыз керек. Бұл Украинаға ғана емес, бүкіл әлемге қатысты мәселе», - деді Зеленский CNN телеарнасына берген сұхбатында.
14 сәуірде АҚШ CIA директоры Уильям Бернс Ресейдің Украинағы қарсы ядролық қаруды қолдану мәселесін жеңіл қабылдамау керектігін мәлімдеді. Алайда ведомство мәліметінше, Мәскеудің іс жүзінде осындай шараларды қабылдауды жоспарлап отырғаны туралы дәлел жоқ.