Әлем
Ресей Федерациясы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен бірқатар министрлерге елге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Голос Америки басылымына сілтеме жасап.
Атап айтатын болсақ, 13 адамға елге кіруге тыйым салынған. Олардың арасында Ұлыбританияның әділет, қорғаныс, қаржы, сыртқы істер және ішкі істер министрлері бар. Сонымен қатар бұрынғы премьер, қазір парламент депутаты Тереза Мэйге де шектеу қойған.
Айта кетейік, Ресей Украинаға басып кіргелі Ұлыбритания Ресей саясаткерлері мен кәсіпкерлеріне, мемлекеттік БАҚ өкілдеріне санкция салуды бастаған. Бұдан бөлек санкция тізімінде Ресей президенті Владимир Путиннің қыздары мен сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар.