Әлем

Зеленский Ресеймен қандай келіссөздер жүргізілуі мүмкін екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Зеленский Ресеймен жүргізілетін келіссөз Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

– «Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек», – деп келтіреді «Страна.ua» Зеленскийдің сөзін.

Ресей барлығы осы мәселелерді қамтитын бір құжатта болғанын қалайды, деді Зеленский.

– «Алайда, бәрі Ресейдің  келісімге келеріне сенімсіздік білдіріп жатыр. Олар үшін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру бір мәселе, ал Ресеймен келісім жасау басқа мәселе», – деді Зеленский.

Сонымен қатар Зеленский  Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.