Әлем
Түркияның қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырларына қарсы жаңа әскери операция бастады. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, операцияға арнайы жасақ пен әуе күштері жұмылдырылған.
Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, ұшақтар КЖП-ның баспаналарына, бункерлеріне, туннельдеріне, үңгірлеріне және қоймаларына сәтті шабуыл жасаған.
– «Операция жоспарланғандай сәтті жалғасуда. Бірінші кезеңде алға қойылған мақсаттар орындалды… Біз 40 жылдан бері елімізді мазалап келген лаңкестік індеттен асыл ұлтымызды аман алып қалуға бел будық. Біздің күресіміз тайға таңба басқандай жалғасады. Соңғы лаңкес залалсыздандырылды», – деді министр.