Спорт
Қазақстандық Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол - 234,31 ұпайға ие болды.
Айта кету керек, бұл мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.
М.Шайдаровтың турнирде көрсеткен өнерінің видеосын осы сілтеме арқылы көре аласыз.