Қоғам

«Ең жақсы көрсеткіш»: Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Finprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды. Рейтингіге қатысушы ТМД елдерінің арасында бұл - ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер зейнетақысының 58,9 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада - 59,2, Беларусьте - 76,7, Украинада - 84,9 пайыз.

Үздік елдер қатарында: зейнетақының тек 13,4 пайызы азық-түлікке жұмсалатын Норвегия, Аустрия - 13,7 пайыз және Франция - 14,3 пайыз.

Норвегия рейтингіде қатысушы елдердің ішінде ең үлкен зейнетақыға ие - 2017 доллар. Одан кейін Швейцария - 1 913 доллар және АҚШ - 1 663 доллар.

Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие, бірақ ол небәрі 220 доллар. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар, Беларусьте - 183 доллар, Молдовада - 143 доллар, Украинада - 123 доллар төленеді.