Bugin

Кеңесшілерден бас тартқан әкім: Біздің басты кеңесшіміз – халық!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кеңесшілер штатын қысқартып, бірнеше облыстық департаменттерді біріктірді, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында өңір басшысы тиісті басқармаларды біріктіргенін айтты. 24 басқарманың 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінің құрылымында қалды.

«Өздеріңіз білесіздер, облыста 24 облыстық басқарма бар. Енді оның 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінің құрылымында қалады. Қабылданған шешім функциялардың қайталануын жояды, саланың теңгерімді реттелуін қамтамасыз етеді.  Бұл жұмыстың жалпы көлемін және басқару тобын оңтайландыру арқылы әкімшілік шығындарды қысқарту. Сол сияқты қалалар мен аудандар әкімдіктерінің құрылымын өзгерту қажет», - деді облыстың жаңа әкімі.

Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев бұдан былай облыс әкімі аппаратында штаттық және штаттан тыс кеңесшілер лауазымдары болмайтынын айтты.

«Алдағы уақытта облыс әкімінің штаттық және штаттан тыс кеңесшілері болмайды. Кеңесші атағын оңды-солды таратпау керек. Біздің басты кеңесшіміз - халық!», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ облыс әкімі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасай отырып, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,2 ​​пайызға төмендеп, соның нәтижесінде үш аудан ауданның бірі  республикадағы соңғы орындарда тұрғанын атап өтті. Бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша төмен деректер Қазалы, Шиелі және Арал аудандарында байқалды.

«Осы үш ауданның әкіміне сөгіс жарияланды», - деп қосты облыс әкімі.