Әлем

Еуропа елдері өз порттарына Ресей кемелерінің кіруіне тыйым салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 сәуірден бастап Ресей туын тігіп алып теңізде жүрген кемелерге Еуропа одағы елдері портына кіруге тыйым салынды. Соның ішінде Эстония, Бельгия мен Болгария мемлекеттері де бар. Бұған дейін Румыния мен Италия ресейлік кемелердің келуіне тыйым салған болатын, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәскеу Украинаға соғыс ашқан 24 ақпанға дейін Ресей туы астында жүріп, содан кейін басқа елдің туын іліп алған кемелер де осы санкцияға ілігеді.

Эстония экономика және инфрақұрылым министрі Таави Асс күллі Еуропа Ресейге тәуелді болмау үшін экономикалық қызметін қайта қарап жатқанын мәлімдеді.

Ресей туымен жүрген кемелер Эстония порттарына тек көмек қажет болған ерекше жағдайда, оның өзінде полиция департаменті мен шекара күзетін алдын ала ескерткеннен кейін кіруі мүмкін.