Bugin
Танымал ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов мәслихат атауын «кеңес» деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KazTag сайтына сілтеме жасап.
«Біз мәслихат, мәжіліс деген атауларға қарсымыз. «Кеңес» сөзін қайта қолданысқа енгізгіміз келеді. Жоғарғы Кеңес, қалалық кеңес, облыстық кеңес т.б. Бұл сөздерден бір кездері неге бас тарттық? Себебі сол жылдары кеңес үкіметі ыдырады, соларға қатысты барлық сөз қолданыстан шықты. Сол себепті кеңес сөзін қайтадан қолдануымыз керек. «Маслихат» сөзі Украинаға сай келетіндей. Ал «мәжілістің» қандай мағына білдіретінін білесіз бе? Ешкім бұл сөздің аудармасын білмейді. Арабтардан немесе парсылардан кірген сөз екенін ғана білеміз», - деді Сүлейменов.