Bugin

«7-20-25» ипотекасы жайлы жағымды жаңалық тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі «7-20-25» бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін деп хабарлады. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.

«Бизнес қауымдастықтан ипотекалық бағдарламаны әрі қарай жалғастыру туралы ұсыныс түсті. Ұлттық банктің дерегі бойынша, бүгінгі таңда резервте осы бағдарламаны іске асыруға арналған 500 млрд теңге бар.

Уәкілетті органның ұстанымы бойынша, ипотека нарығын мемлекеттік реттеуден кетіп, нарықтық жолмен дамытуға жол ашу қажет. Оның үстіне қазір біржолғы зейнетақы төлемдері мен нарықтық өнімдердің қысқарғанын әрі ипотекалық бағдарламалардың бірқатары жабылып жатқанын ескеріп, балама шара ретінде ипотеканы субсидиялау мүмкіндіктерін енгізуді пысықтап жатырмыз», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.