Bugin

Paramount компаниясы Ресейдегі бүкіл телеарнасын өшіріп тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Paramount компаниясы наурыз айының ортасында Ресейдегі телеарнарын уақытша тоқтататынын хабарлаған. Енді бүгін, 18 сәуір күні, телеарналарын толық өшіретінін мәлімдеді.

Атап айтқанда, MTV, Nickelodeon мен басқа да TV-арналарын жаппақ. Одан бөлек, балалар мен жанұяға арналған NickToons, Paramount Comedy арнасы, MTV Russia мен MTV Live HD сынды музыка арналары бар. Оларды да өшірмек.

Айта кетейік, осыған дейін Discovery арнасы да бүкіл телеөнімдерін, нақтырақ айтсақ, 15 каналын өшіріп тастаған еді. Оның ішінде Discovery Channel мен Animal Planet те бар.