Bugin
Түркменстанның Халық Мәслихаты Қазақстанмен құрлық және теңіз шекаралары туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісім 2001 жылы 5 шілде күні жасалған еді. Бұл жайлы Интерфакс агенттігі жазды.
«Сенбі күні Ашхабадта өткен Халық Мәслихаты Милли Генгештің кезекті отырысында «Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы Түрікмен-Қазақстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және Каспий теңізіндегі балық аулау аймақтарының аралас учаскелерін межелеу туралы шартты ратификациялау туралы», «Түрікменстан Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Түрікмен-Қазақстан режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» мемлекеттік қаулылар қабылданды», - деп жазады басылым.
Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы қазақ-түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі туралы шартқа екі мемлекеттің басшылары 2001 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойған.
2017 жылы 18 сәуірде сол жерде Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 25 қазандағы Ашхабадқа мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша шекара режимі туралы келісімді қабылдау мәселенің заңды аяқталуы болып табылады.
Қазақ-түркімен мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 458,3 шақырым.