Bugin

Ресей алғаш рет Украинаның қанша сарбазы соғыста мерт болғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ Қорғаныс министрлігі алғаш рет Украина Қарулы күштерінің қанша сарбазы ұрыс даласында мерт болғанын айтты. Ресей берген мәлімет украиндар берген мәліметтен 7,6 есе көп.

«Қазіргі дерек бойынша, нақты құжаттармен дәлелденген шығынды есептесек, Украина Қарулы күштерінің 23 367 сарбазы мерт болған. Оның ішінде Ұлттық гвардия мен шетелден келген ерікті жауынгерлер де бар», - деп хабар таратты ресейдің қорғаныс ведомствасы.

Ресей тарабының айтуынша, бұл мәлімет – нақты әрі шын ақпарат. Күмәндануға негіз жоқ.

«Ресей Қорғаныс министрлігінің қолында украина әскері сапынан жоғалып кеткендер мен жарақат алғандардың да тізімі бар», - деді ресейліктер.

Айта кетейік, Украина президенті В.Зеленский 16 сәуір күні CNN телеарнасына берген сұхбатында шамамен 2500-3000 сарбаз қайтыс болғанын, тағы 10 мыңы жаралы жатқанын айтқан еді.

Ал Украина тарабының есебінше, соғыс басталғаннан бері Ресейдің 20 мыңнан аса жауынгері қаза болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61