Украиналық жауынгерлер Ресей әскерінің жеті әуе нысанын жойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның Әскери-әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің Әуе қорғанысы күштері ресейлік басқыншылардың жеті әуе нысанын жойды. Бұл туралы Украина Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әңгіме бір ұшақ (Су-30 жойғыш), төрт ұшқышсыз ұшақ (OTR) және екі қанатты зымыран туралы болып отыр.

Ресейдің Украинадағы шығыны

Украина Қарулы Күштері Бас штабының мәліметінше, украиндық қорғаушылар 20,6 мыңға жуық ресейлік басқыншылардың көзін құртқан.

Бұдан басқа, 790 танк, 2041 жауынгерлік броньды машина, 381 артиллериялық жүйе, 130 зымыран тасығыш, 67 әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралы, 167 ұшақ, 147 тікұшақ, 1 487 бірлік автомобиль техникасы, 8 кеме/катер, жанар-жағармай материалдары бар 76 цистерна және 155 жедел-тактикалық дрондар жойылды. 

Сондай-ақ, Украина армиясы 27 арнайы техника бірлігін және жедел-тактикалық зымырандық кешендердің 4 ұшыру қондырғысын/тактикалық зымырандық кешендерді жойды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61