Әлем

Соғыстың екінші кезеңі басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс үшін шайқас басталғанын растады. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей әскерлері Донбасс үшін ұзақ уақыт бойы дайындалған шайқастарын бастады.

- «Ресей әскерлерінің едәуір бөлігі шабуыл жасау үшін шоғырланған. Ол жерде қанша сарбаз болса да, біз өзімізді қорғаймыз. Біз шайқасамыз. Біз украинаға тиесілі жерден бас тартпаймыз», - деді Зеленский.

Зеленский шығыс пен оңтүстікте ресейлік әскерлер бұрынғыдан әлдеқайдакөбірек шабуыл жасауға тырысып жатқанын атап өтті.

Соғыстың екінші кезеңі басталды, деп хабарлады Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак. Бұл туралы Луганск облыстық әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Facebook-те жазды.

Ресей армиясы Украинаға қарсы зымырандарды қолдану қарқынын төмендетпейді.

- «Зымыран соққыларының ешқайсысы Ресей үшін жағдайды түбегейлі өзгерткен жоқ. Ал егер олардың барлығын бірге бағаласақ, бұл стратегиялық абсурд деген қорытынды шығады», - деді Зеленский.

Украина ҰҚК хатшысы Алексей Данилов Украина шекарасына жақын жерде, Белгород облысында тікұшақ алаңдары орналастырылғанын айтты. Данилов ұрыс басталған немесе жалғасып жатқан жерлерде тұратын халықты мүмкіндігінше тезірек эвакуациялауға шақырды.

- «Ресейліктер енді 1 немесе 9 мамырға дейін емес, Пасхаға дейін Донецк және Луганск облыстарын толығымен алуды ойластыруда», - деді ҰҚК хатшысы.