БІЛІМ

Жоғары оқу орнына түсу үшін бірқатар бағыттың шекті балы өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында жоғары оқу орнына түсу үшін бірқатар бағыттың шекті балы өсетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«11 сынып бітірушілері енді қаңтардан бастап оқуға түсе алады. Бірақ талап та күшейтілді. Педагогикалық бағыттар бойынша шекті балл 75 балға дейін, медициналық бағыттар бойынша 70 және заң бағыты бойынша 75-ке дейін көтерілді. Президенттің тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға грант үлесі 40 пайыздан 60%-ға дейін көбейтілді», - деді Аймағамбетов.

Биыл колледждер саны 31 мыңға жеткен, оның 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі.

«Колледждерге оқуға қолжетімділікті кеңейту үшін емтиханды алып тастадық. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арнайы квота енгізілді. Ал гранттар талапкердің өзі таңдаған колледежге берілетін болды, сәйкесінше олардың бәсекелестігі де артады», - деді министр.