Қоғам

Түркістандағы Алмалы ауылында 5 жылдан бері ішімдік сатылмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысындағы Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылында ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сонымен қатар соңғы 5 жылда мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Ауылда 150-ден астам шаңырақ бар. Шамамен мыңнан астам халық тұрады. Мұнда алкогольді ішімдік сатылмайды. Сондай-ақ шекаралық аймақта орналасқан бұл ауылдағы барлық мәселелер ақсақалдар кеңесі арқылы өз шешімін тауып келеді.

«Ауыл тұрғындарының барлығы мал ұстайды. Сол кездегі ауыл билері бас болып, ішімдіксіз ауыл болу бастамасын қолға алған болатын. Сол жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ», – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Қыдырқожаұлы.

Ауылда үш дүкен бар, бірақ олардың ешқайсысында алкоголь сатпайды. Ауыл азаматтарының айтуынша, отбасылық кикілжіңдер де азайып, соңғы 2 жылда ажырасу мүлдем тіркелмеген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61