Bugin

Вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұны Телеграмдағы Orda арнасы өзінің жеке дереккөздеріне сілтеме беріп хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, вайнер Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қылмыстық іс бойынша ұсталған. Әзірше қандай айып тағылып отырғаны белгісіз.

Айта кетейік, вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаевтардың басы даудан арылмай келеді. Олар былтыр Mudarabah Capital атты инвестициялық компанияны жарнамалап, елді бұған қаржы құюға шақырған. Кейін компания қаржы пирамидасы боп шықты. Оған алданған тұрғындар жарнама жасағандарды жазаға тартуды талап етіп құқыққорғау органдарына арызданған.

Мейіржан мен Мейірхан болса, біз де осы компанияның құрбаны болдық деп мәлімдеген еді.