Bugin
Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Кездесуде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, сондай-ақ түрлі салаларда жаңа технологиялар мен инновациялар әзірлеуге баса мән берілді.