Bugin

Грекия ресейлік мұнай танкерін тәркіледі (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грекия Еуроодақ санкциясы аясында Эвбея аралындағы ресейлік мұнай танкерін тәркіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters сайтына сілтеме жасап.

Грек жағалау күзет мәліметінше, ресейлік ту ілініп тұрған Pegas кемесі 19 экипажымен бірге Каристос қаласының маңында тоқтатылған. 

Афинадағы Ресей елшілік өкілдері Twitter желісіндегі парақшасында істі зерттеп жатқанын және грек билігімен байланысты екенін хабарлады. 

- «Ол ЕО санкциялары аясында тәркіленді», - деді грек кеме қатынасының өкілі. 

АҚШ мемдепартаментінің өкілі Америка Грекияның санкцияны жүзеге асыру әрекетін қолдайтынын мәлімдеді. 

- «Біз танкерде Иранның шикі мұнайы барынан хабардармыз», - деді Мемдепартамент өкілі.

Алайда ол бұл хабарламалардың қаншалық сенімді екеніне ешқандай көзқарас білдірмеді.

Грек кеме қатынасының өкілі кемедегі мұнай тәркіленбегенін атап өтті. Кемені кім жалдағаны белгісіз, бірақ кеме ресейлік "Трансморфлота" бақылауында болған.