Bugin
Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін 19 сәуір күні Алматыда «Mudaraban Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.