Бұрынғы вице-министр Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 15 желтоқсанда осы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде «Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы» ұлттық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланған болатын.

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-вице-министрге электрон бақылау білезігі тағылғанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61