Bugin

Алматы әуежайына «мина қойылды» деген хабар тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда «бомба» қойылды деген «Forum» сауда ойын-сауық орталығын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Forum» сауда ойын-сауық орталығында тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Сауда үйі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - дейді полиция қызметкерлері.

Ведомства мәліметінше, «бомба» Алматы халықаралық әуежайына да қойылды деген ақпарат бар.

«Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері Алматы халықаралық әуежайын тексеруге жұмылдырылды», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.