Bugin
Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады. КТК телеарнасы Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері - коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды.