Bugin

Үкімет қаңтар оқиғасынан сабақ алып, полицияға бөлетін қаржыны көбейтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, Парламент мәжілісінің 20 сәуірдегі жалпы отырысында 2022-2024 жылдарға республикалық бюджетті қарастырып, бөлінген қаржы көлемін мақұлдады. Мәжіліс депутаттары бюджет шығындарын жабу үшін 2022 жылы Ұлттық қордан 1,63 трлн теңгені алуға келісті.

Палатаның салалық комитеті хабарланғандай, қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37,2 млрд теңге, күш құрылымы мен төтенше жағдай органдарының жауынгерлік әзірлігі мен қару-жарақ, техникамен жабдықтауға – 441,26 млрд теңге, халықтың табысын арттыру жөніндегі іс-шараларға – 197,1 млрд теңге, өңірлерді дамытуға – 475,776 млрд теңге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге – 475,776 млрд теңге бағытталады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқандай, полиция қызметінің шығыстарын толық жабу үшін бюджеттен бөлінетін қаржының сомасы 2,2 трлн теңгеге дейін өскен.

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 117, 026 млрд теңге бағытталады. Доллар бағамын ұстап тұру үшін – 56, 207 млрд теңге жұмсалмақ.